
Самар ауданының әкім орынбасары М. Мұхаметжанов пен аудандық Қоғамдық Кеңес төрағасының орынбасары Е. Дюсупов су тасқынының алдын алу мақсатында, Лайлы өзенінің ағыс деңгейін жағалауында жақын орналасқан үйлер мен қора-қопсыларды барып тексерді. Өзен жағалауына жақын қауіпті аймақта тұрған ауыл тұрғындарының үйлері мен қораларына бөгеттер жасау қажеттілігі туралы Самар ауылдық округінің әкімі М. Дюсуповқа нақты тапсырмалар берілді.