
2024 жылғы 30 наурызда қатты жауын-шашын мен қардың қарқынды еруі нәтижесінде аудандық маңызы бар, Самар ауданындағы Қараөткел ауылынан 6 шақырым жердегі Көкжота – Қараөткел автожолына қарғын су жайылып, судың деңгейінің көтерілуіне байланысты, Шығыс Қазақстан облысы департаменті және Самар ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен бірге, арнайы техникамен аудан әкімі Н.Махамбетов Қараөткел ауылына барып ауыл тұрғындарымен кездесіп су деңгейін көріп қайтты. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен Жергілікті атқару қызметінің қызметкерлері және еріктілер тобы табиғи апаттан қорғауға арналған қапшықтар төседі, Қараөткел ауылының арық жүйесін нығайту жұмыстарын жүргізді, ауыл тұрғындарына көмек көрсетіп, техникалармен судың жолдарын бөгеді. Қазіргі таңда ауылға еш қауіп төніп тұрған жоқ, су деңгейі түсті. Көкжота – Қараөткел автожолы уақытша жабық. Су басу қаупі бар аймақтарына 24 сағаттық кезекшілік ұйымдастырылған. Судың деңгейі және су тасқынының алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шаруа –ауданның жіті бақылауында.