
1 сәуірден бастап кезекші ХҚКО Белинский көшесі, 37а мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсетеді. Азаматтарды жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін және сенбі күні сағат 13:00-ге дейін қабылдайды. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы хабарлайды.
Бұл ретте, Сәтбаев даңғылы, 34/2 мекенжайында орналасқан ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді.
Айта кетейік, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының кезекшісінің мекен-жайы өзгеріссіз қалады: Абай даңғылы, 203/2. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00 – ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
Еске саламыз, әдеттегі кесте бойынша басқа ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.