Самар аудандық қоғамдық кеңесінде ауданның жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту мәселесі қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:
- Самар ауданы әкімінің аппараты жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарын жасасын;
- Самар ауданы әкімінің аппараты 2024 жылға арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізудің кестесін жасасын.