Самар ауданында Наурыз мейрамы тойланды

Самар ауданында Наурыз мейрамы тойланды

22 наурыз күні Самар ауылында Наурыз мейрамы тойланды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған “Наурыз” туралы қойылым көпшілікті тәнті етті. Аудан әкімі Нұрлан Махамбетов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кожамбетов Баянды тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Әуелеген әсем ән мен күмбірлеген күй - бір-бірін мерекемен құттықтап, өзара қауышқан ел-жұрттың қуанышын еселей түсті. Самар ауылдық округінің қызметкерлері әр-түрлі спорттық шаралар ұйымдастырды. Осылайша барша берекенің бастауы Наурыз тойы барша Самар жерін қуанышқа толтырды.