
Аудан әкімі Н. Махамбетовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің отырысы өтіп, күн тәртібінде 6 мәселе қаралды.
Бірінші мәселе – 2024 жылы көктемгі егіс науқаны кезеңінде атқарылатын жұмыстар жөнінде болды. Екінші мәселе - мал басы бойынша статистикалық деректерді өзектендіру және оларды нақты мал басына сәйкестендіру туралы. Бұл екі мәселе бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Б. Абылғазыұлы баяндады.
Үшінші мәселе – 2023 жылдың қортындысы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және жер заңнамасы саласындағы бұзушылықтар.
Төртінші мәселе – Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің, өткелдердің маңындағы пайдаланылмайтын жерлерді анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жер қатынастар бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы М.Н. Жеңісханова баяндады.
Бесінші – Көктемгі су тасқыны кезеңіне қарсы іс шаралар туралы Самар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы А.Е. Сейілқұмаров баяндады.
Алтыншы – «Наурыз 2024»мейрамын мерекелеуге дайындық барысы туралы ішкі саясат,мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлім басшысының міндетін атқарушы М.А. Кельгерун баяндады.