«Біз туберкулезді жеңе аламыз»

«Біз туберкулезді жеңе аламыз»

Туберкулездің алдын алу айлығы аясында «Самар ауданының аудандық ауруханасы» медицина қызметкерлері Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесу өткізді.
Дәрігер-эпидемиолог Жадрина Н.Г. ақпараттық блокты ұсынды:
- Туберкулез дегеніміз не?
- Туберкулезге ықпал ететін факторлар.
- Сыртқы қолайсыз факторлар.
- Туберкулездің жұғу жолдары.
- Симптомдары, диагностикасы.
- Туберкулезді қалай тез және дұрыс анықтауға болады?
Нәркес Ғасырбекқызы мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы, еңбек және демалыс тәртібін сақтау, 15 жастан бастап профилактикалық флюорографиялық тексеруден өткізу мәселелерін де қозғады!
Дәрігер Кушербаева Қ.З. мектеп оқушыларына туберкулездің алдын алу бойынша «Салауатты өмір салтына иә деп айтыңыз!», «Қазақстан – туберкулезден азат ел!» атты буклеттер мен парақшалар таратты.

Мектептің медицина қызметкері Байбазарова Г.К. «Туберкулездің алдын алу» атты бейнеролик ұсынды

Уақытында анықталған туберкулез сәтті емдеудің кепілі екенін есте ұстаған жөн!