
Мемлекеттік корпорацияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ағымдағы жылдың 12 наурызынан бастап өзіне-өзі қызмет көрсету секторының мекенжайы өзгеретінін хабарлайды. Бұған дейін азаматтар "АДК" СҮ-де мемлекеттік қызметтерді ала алатын болса, енді ХҚКО қызметкерлері Әуезов көшесі, 28 мекенжайы бойынша "Император" СК-де азаматтарды қабылдайтын болады.
Көшу туралы шешім "Император" сауда кешенінде келушілер ағынының көбірек болуына байланысты қабылданғанын атап өтеміз. Мәселен, филиал мемлекеттік қызмет көрсету үшін азаматтардың көп санын қамтуды жоспарлап отыр.