
Бүгін Самар ауданының Мәдениет үйінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Самар ауданының әкімі Н.Махамбетов нәзік жанды әйелдер қауымын шуақты мерекемен құттықтады. Түрлі салада белсенділігімен, адал еңбегімен көзге түскен қыз-келіншектерге аудан әкімі алғыс хаттар, сыйлықтар мен гүлдер табыс етті. Сондай-ақ, залда отырған барлық осы мереке иелеріне гүл шоқтары үлестірілді. Мерекелік кеште нәзік жанды әйел қауымын үлкен қуанышқа бөледі. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды. Бұл күні концерт залы көктемгі көңіл-күйге, күлімсіреу мен қуанышқа толы болды.