
2024 жылғы 4 наурызда сағат 11:22-де жер сілкінісі тіркелді, оның эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Алматы облысында 5 балл, Жетісуда 3 балл сезілді.
Шығыс Қазақстан облысының аумағы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады.
ШҚО ТЖД облыс тұрғындарына алғашқы дүмпулер кезінде үйден тез арада шығуды ұсынады, бірақ бұл үшін сізде 15-20 секунд қана уақыт бар. Егер сіз осы уақыт ішінде шығып үлгермесеңіз, тұрған жерде паналаңыз. Ғимарат шайқалған кезде баспалдаққа шықпаңыз, сонымен қатар жеделсатыны пайдалануға болмайды. Ғимараттағы қауіпсіз орындар - ішкі күрделі қабырғалар, есіктер және күрделі қабырғаларының бұрыштары. Алғашқы дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттан шығып, ашық жерлерге барыңыз.
Сейсмикалық қауіпті аудандардың тұрғындарына дәрі-дәрмектер, қажетті заттар, азық-түлік, құжаттар, қолшам, жылы заттар салынған дабыл сөмкесін алдын-ала дайындап қойған дұрыс.