
Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен, №1Самар орта мектебінің «Мейірімді жүрек» атты еріктілер тобы бірлесіп Қарттар үйіне барып қарияларға жүрекшелер мен тәттілер үлестірді. Алғыс күні мейрамымен құттықтап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Ардақты қариялар өздеріне арналған бұл құрметке ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.Осы акцияға белсене қатысқан еріктілер мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз! #алғысайтукүні