
Көбінесе жүргізушілер әлсіз бекітуге байланысты немесе әртүрлі ауа-райының құбылыстары: қатты жел, жаңбыр және басқа да көптеген себептерге байланысты нөмірлерін жоғалтады. Бұл жағдайда не істеу керек және қайда бару керектігі жайында «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы хабарлады.
Мемлекеттік нөмірді қалпына келтіру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға барып, тиісті өтінім беру қажет.
"Жаңа нөмірлер дайындағаны үшін 2,8 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет болады. Егер бір нөмірді қалпына келтіру қажет болса, онда 1,4 АЕК мөлшерінде", - деп атап өтті Мемлекеттік корпорация филиалының директоры Азамат Есембулов.
Есіңізде болсын, егер сізде бірнеше көлік болса, телнұсқаларды қалпына келтірген кезде әр көлікке жеке өтінім беру керек.
Айта кетейік, Өскемен қаласының мамандандырылған ХҚКО Абай даңғылы 203/3 мекенжайында орналасқан. Жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.