Мемлекеттік қызметкерлер арасында үстел теннисінің турниры өтті

Мемлекеттік қызметкерлер арасында үстел теннисінің турниры өтті

Самар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен бүгін Самар ауданында 25-45 жас аралығындағы мемлекеттік қызметкерлер арасында үстел теннисінің турниры өтті. Жарысқа Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Қарагызов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Исенев, Самар ауданы мәслихатының төрағасы Г.Шаймарданова қатысып сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс нәтижесі бойынша ерлер арасынан І орынды Курманбаев Ерасыл, ІІ орынды Карагызов Азамат, ІІІ орынды Жумагазин Бекарыс иеленді. Ал, қыздар арасында І орынды Тютенева Айгуль, ІІ орынды Редькина Альфия, ІІІ орынды Дюсюпова Салтанат, Камалитденова Салтанат иеленіп, жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға арнайы мадақтамалар мен медальдар және сыйлықтар табысталды.