
21 ақпан 2024 жылы Самар ауданында «Суицидтің алдын алудың бірыңғай тәсілдері: мәселелер және шешу жолдары» тақырыбында аудандық кеңейтілген кеңес отырысы өткізілді.
Жиналысқа Самар ауданы әкімнің орынбасары К. Сурашев, Самар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Р. Закирьянова Самар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлім басшысы м.а М. Кельгерун Самар аудандық аурухана психологі Д. Кенжекенова, Самар ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы К. Кабдулин , мектеп және колледж директорлары, мектеп және колледждің тәрбие ісі - жөніндегі меңгерушілері, педагог - психолог мамандары қатысты.
Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдік шақтағы суицид мәселесі туралы ақпарат беру, жасөспірімдік шақтағы суицид туралы түсінікті, оның түрлерін, себебін, қалыптастыру, отбасында және мектепте жасөспірімдер мен балалар арасындағы суицидтің алдын алу жолдары қарастырылды.
Жиын барысында, Р. Закирьянова, Д. Кенжекенова, М. Кусаинова, Айдарқызы С. суицидтің алдын алу бойынша баяндамалар оқыды.