15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Бұл тарихи оқиғаға биыл 35 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін Самар ауданында Ауғанстанда қаза болған жауынгер-интернационалистерге арналған ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылды. Самар ауылдық мәдениет үйінде Ауған соғысының ардагерлеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Ардагерлерімізге «Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл» атты мерейтойлық медальдар мен алғыс хаттар табысталды.