
14 – ақпан, 2024 жылы КМҚК «Дәншік» бөбекжай – балабақшасында “Екі жұлдыз” өнер сайысы өткізілді.
Ұйымдастырушылар: әдіскер А.Д.Кунанова және тәрбиешілер.
Өнер байқауының мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Әділқазылар алқасы:
Труханова Елена Михайловна «Балалар өнер мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Каирдаева Жібек Тоқтасынқызы – «Балалар өнер мектебі» КММ педагог – ұйымдастырушы
Болатканов Расул Болатканович – “Самар ауданы бойынша білім бөлімі” ММ психология және инклюзивті білім беру бағытындағы әдіскері,логопед – дефектолог.
Қатысушылардың өнерін орындау деңгейі 5 балдық жүйе бойынша келесі критерийлер бойынша бағаланды:
- сахна мәдениеті (сыртқы келбеті, мінез-құлық мәдениеті);
- шығармашылықпен орындауы,эмоционалдылығының көрінісі,
- музыкалық дыбыс сапасы;
- орындаушылық шеберлік, өзіндік ерекшелігі;
Өнер байқауының қорытындысы бойынша:
Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Ломова Карина мен анасы Калиева Гульнара Мухтаржановна «Модница» биімен, Азаматқызы Медина анасы Кантарбаева Гаухар Ауезхановна испан биімен «Гран При» иегері атанды.
I – орынға "Асыл әжем - аппағым" әнін орындаған - ересек топ бүлдіршіндері: Еркінғазы Айлин, Алиби, апасы Тусупова Мекеш Нигмановна ие болды.
II – орынға "Белые крылья" әнің жанды дауыста гитара сүйемелдеуімен орындаған - мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Варданян Эмили, атасы Нарушин Андрей Владимирович ие болды.
III – орынға ересек топ бүлдіршіні «Қуыршақ» әнің орындаған - Тураргалиева Еркеназ анасы Рахимова Зарина Канатовна ие болды.
Қалған қатысушылар: Айбекұлы Нұрдаулет анасы Бердімұрат Амангүл, Солтанбекова Азиза анасы Динара Азатовна, Әнуарбек Мансур анасы Салимбаева Индира Советовна,Батырбек Мансұр апасы Манапова Марғума Дауытовна белсенді қатысқандары үшін марапатталды.
Байқау жеңімпаздары және қатысушылар сыйлықтармен марапатталды. Сыйлықтарға демеуші болған кәсіпкерлер: Н.К.Чапибаева, Л.Федорова, А.М.Абильмажинова, А.К.Смагулова, Ш.Т. Ақбидаева алғысымыз шексіз.