Ауданда «Көктем-2024» республикалық, командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында аудан әкімінің орынбасары М. Мухаметжановтың қатысуымен күш құралдарымен және техникалардың әзірлігіне саптық қарау жүргізілді. Оқу-жаттығуға азаматтық қорғау қызметі, аумақтық құрылым жасақтарының құрамына кіретін барлық жергілікті мекемелер қызметкерімен, техникалары қатысты. Іс-шараның II кезеңінде практикалық жұмыс пысықталды.Сонымен қатар су басу аймағынан зардап шеккен тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді.