АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУІ

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУІ

Бүгін Самар №1 орта мектепте Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына ауған соғысының ардагерлерінің жастармен кездесуі өтті. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Р. Рахимов, А.Ариков, М.Нұрпейісов шақырылды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Исенов, Самар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Р.Закирьянова, №1 Самар орта мектеп директорының міндетін атқарушы А.Ахмадиева, тарих пәнінің мұғалімі М.Мамырбеков, Самар аудандық  кітапханасының кітапханашысы М.Попова, Самар ауданының тарихи-өлкетану мұражайының» меңгерушісі З.Тобықпаева қатысты.

Іс-шара жүргізушілері Л.Лебедева мен Л.Гебель оқушыларға  кеңес жауынгерлерінің ерлігі және жерлестеріміз туралы айтып берді.Ауған соғысында қаза болған батырлар мен жерлестердің өмірбаяндарын, тарихын қысқаша еске түсірді. Келген қонақтарға сұрақтар қойылып, сөз берілді. Барлық қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Ұстаз С.Кәрменовтың ән  орындауымен, алғыс сөздермен және ақ тілектермен еске алу шарасы аяқталды.