
Самар ауданында мәдениет саласында өнер көрсететін мамандар тапшы. Осыған орай Самар ауданы Мәдениет үйінің директоры Дархан Рамазанұлы жаңа жоба әзірледі. Жас мамандарды дайындайтын жоба «Мәдениетті өркениетті болашақ» деп аталады.
Дархан Рамазанұлы Өскемендегі Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің басшысымен кездесіп, маман дайындау жобасы бойынша келісім-шартқа отырды. Бұл аудандағы мәдениет саласындағы маман жетіспеушілігі мәселесін шешуге оң әсерін тигізетін болады.