
Самар ауылында “Ұзақ өмір сүру” орталығының ашылу салтанатты өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасары К.Сурашев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Исенов, “Асыл қазына” этно-фольклорлық аналар мен әжелер ұйымының жетекшісі К.Нурпеисова құттықтау сөз сөйледі. Орталықта аудан тұрғындары волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, гимнастика және би, мемлекеттік тіл мен ағылшын тілін үйрену бөлімдеріне келіп, өз уақыттарын тиімді өткізе отырып, пайдалы істермен айналыса алады. Адам денсаулығы қоғам байлығы, әрбір адам денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек.