Аудан әкімі Нұрлан Мұхтарұлы аудандық әкімдіктің жиынын өткізді

Аудан әкімі Нұрлан Мұхтарұлы аудандық әкімдіктің жиынын өткізді

Бүгін аудан әкімі Н. Махамбетов  аудандық әкімдіктің жиынын өткізді. Жиынға орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, дербес бөлім, мекеме мен ұйым басшылары, ауылдық округ әкімдері және ауданның кеңес төрағалары қатысты.

Күн  тәртібінде келесі мәселер қаралды:

1. Самар ауданы әкімі орынбасарларының функционалдық міндеттерін бөлу туралы;

2. Ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшыларының 2024 жылға атқарылатын жұмыстары бойынша тікелей эфирде брифинг өткізу туралы.

Сонымен қатар, жиын барысында конкурстық комиссияның ұсынымына сәйкес, Самар ауданы әкімінің   2024 жылғы 10-шы қаңтардағы №2 өкімімен, Самар ауданы әкімінің орынбасары қызметіне Майкенев Жаслан Талғатұлы тағайындалды, аудан әкімі Нұрлан Мұхтарұлы жиынға қатысушыларға жаңа орынбасарын таныстырып, ісіне сәттілік тіледі.