ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ

Аудан әкімі Н. Махамбетов аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері және жауапты қызметтердің қатысуымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жиын өткізді. Жауапты мамандар аудан әкіміне авариялық - құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдайларға дайындығы туралы баяндады. Халықтың қауіпсіздігі басты басымдыққа ие екендігі айтылып, осыған байланысты жауапты қызметкерлерге төтенше жағдайларға дайындықтарын күшейтуге тапсырма берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтаусыз жүргізілетін болады. Әрбір елді мекендегі ахуал жіті бақылауда.