БІЛІМ БӨЛІМІ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН БАСКЕТБОЛ ЖӘНЕ ДОЙБЫДАН ЖАРЫС ӨТТІ

БІЛІМ БӨЛІМІ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН БАСКЕТБОЛ ЖӘНЕ ДОЙБЫДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп лицейінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен баскетбол және дойбыдан бастауыш ұйымдар арасында спорттық сайыс өтті.
Баскетолдан жарысқа 6 команда қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде Жамбыл Жабаев атындағы орта мектебінің командасы (Көкжота) I орын, Абай атындағы орта мектебі (Бастаушы) II орын, Раздольное негізгі мектебі III орынды иеленді.
Дойбыдан өткен ойындарда әйелдер арасында:
I орын Баубатаева Дана (Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп лицейі)
II орын Күмісбаева Гульнур (Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп лицейі)
III орын Сатыбалдина Назгул ("Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені")
Дойбыдан өткен ойындарда ерлер арасында:
I орын Кеңескалиев Еламан (Жамбыл Жабаев атындағы орта мектебі)
II орын Абдрахманов Архат ("Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені")
Сагимолаев Махперат ("Мектеп-балабақша кешені") иеленді.
Жеңімпаздарды аудандық кәсіподақ ұйымының басшысы  Самархан Демесинович Демесинов диплом және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.