«Самар ауданының құрметті азаматы» атағы табысталды

«Самар ауданының құрметті азаматы» атағы табысталды

      Самар ауданы әкімі Н. Махамбетов және Самар ауданы мәслихатының төрағасы Г. Шаймарданова ауданымыздың әлеуметтік - экономикалық дамуына зор үлесін қосқан бірқатар азаматтарына «Самар ауданының құрметті азаматы» атағын табыстады. 

       2022 жылы аудандық мәслихат шешімімен Аққала ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған Ағзам Манаповқа, облысымыздың ауылшаруашылығы саласын дамытуға зор үлесін қосып жүрген ірі шаруа қожалықтарының бірі «Мәмбет» шаруа қожалығының басшысы Есімбек Дәлелұлы Мамбетовқа, көптеген жылдар бойы білім саласына еңбегін қосқан Куляш Закиевна Уралбековаға берілді.

      2023 жылғы аудандық мәслихат шешімімен көптеген жылдар бойы Самар аграрлық –техникалық колледжінде қызмет атқарған Санярбек Дугожанович Окумбаевқа, «Көкжота орта мектебінің» директоры болып қызмет атқарған ардагер-ұстаз Гүлжанат Абдыкарымқызы Конгуловаға, ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген «Құсайынұлы Б.К.» шаруа қожалығының басшысы Бақытбек Құсайынұлы Кумаровқа берілді. Сондай-ақ, Көкпекті және Самар аудандарының әкімі болып қызмет атқарған ауданымыздың беделді азаматы, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған Баянды Какенович Қожамбетовқа, өзі еңбек етіп жүрген кезінде «Ауданның құрметті азаматы» атағы төсбелгісі берілмей қалу себебінен бүгін «Самар ауданының құрметті азаматы» медалін аудан әкімі Нұрлан Мұхтарұлы табыстады.