Самар аудандық мәслихатының кезекті IX сессиясының өткізу қорытындысы

Самар аудандық мәслихатының кезекті IX сессиясының өткізу қорытындысы

2023 жылғы 28 желтоқсанда Самар аудандық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясының отырысы өтті. Сессия жұмысына 8 депутат, аудан әкімі Н.М.Махамбетов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, ауданның дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессия келесi мәселелер қаралды:

  1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі. Нурлан Мухтарович Махамбетов - Самар ауданының әкімі.
  2. 2024-2026 жылдарға арналған Самар ауданының бюджеті туралы
  3. Самар ауданының ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттері туралы.
  4. Самар ауданы Самар және Палатцы ауылдық округтері әкімдерінің атқарылған жұмыстары туралы есебі.
  5. Самар ауданы мәслихаты төрағасының есебі.

Шаймарданова Гүлнар Қасымжомартқызы – Самар аудандық мәслихатының төрағасы.

  1. Әртүрлі мәселелер

 1) «Самар ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы;

2) Самар ауданы мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;

3) Аққала ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы;

4) Бастаушы ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы;

5) Мариногорка ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы;

6) Миролюбовка ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы;

7) Палатцы ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы;

8) Самар ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы;

9) Сарыбел ауылдық округі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы. 

    Тұрақты комиссиялардың отырысында Самар ауданы әкімінің (Махамбетов Нұрлан Мұхтарұлы) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі талқыланып, сессияда қабылданды. Аудандық және ауылдық округтердің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы тұрақты комиссияларының отырысында талқыланған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Керейбаев Азамат Арманұлы осы үш жылға арналған бюджет жобасы бойынша баяндама жасады.  Тұрақты комиссиялардың отырысында Самар және Палыцы ауылдық округтері әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы есептері талқыланып, сессияда қабылданды. Сессияда Самар аудандық мәслихатының төрағасы Г.Қ. Шаймарданова мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі қабылданды. Самар ауданының үш тұрғыны Кулжанат Әбдікәрімқызы Конгуловаға, Санярбек Дугожанұлы Окумбаевқа, Бақытбек Құсайынұлы Құмаровқа «Самар ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Депутаттар Самар аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын; Ауданның 7 ауылдық округі (Аккала, Бастаушы,  Маринорка,  Миролюбовка, Палатцы, Самар, Сарыбел) бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және пайдалану жоспарларын бекітті. Талқылаудан кейін барлық мәселелер бойынша шешімдер бірауыздан қабылданды. Сессия барысын Facebook желісінде төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.

https://www.facebook.com/100093616427286/videos/310414131982986/?mibextid=Nif5oz