
Жыл сайын желтоқсан айының үшінші жексенбісі – энергетиктер күні болып белгіленген. Энергетика саласы – әлеуметтік сала мен индустрияны алға жылжытушы күш, әрі экономиканың алтын өзегі, локомотиві және негізгі діңгегі.
Энергетика – бүгінгі таңда жаңа заман өмірінің күре тамырына айналды. Күнделікті жұмысы көзге көрінбегенмен, ақау болған кездері бұл мамандық иелерінің маңызы байқалады. Энергетика саласының басты байлығы да - білікті мамандар.
Энергетиктер күні қарсаңында аудан әкімі Нұрлан Мұхтарұлы Самар ауданының энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін аудандық электер желілері тарату мекемесінің қызметкерлерін марапаттады.