Дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы

Дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы

«AMANAT» партиясы дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізді. Биыл әдеби конкурс Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы – Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орайластырылды. Партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында Жазушылар одағымен бірлесіп өткізіп келе жатқан «Ұлы Дала» республикалық шығармашылық байқауы осымен бесінші мәрте ұйымдастырылды. Шығармашылық доданың басты мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды паш ететін бүгінгі отандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау. Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы ойларды жаңғырту арқылы ағартушының еңбектері мен қайраткерлік ұстанымын өскелең ұрпаққа дәріптеу. Байқауға қатысушылар бес номинация бойынша бақ сынады: «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Әдеби сын» және «Балаларға арналған шығарма». Бұдан бөлек, байқауда «Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы» және «Алаш аманаты» арнайы жүлделері де қарастырылды.
Проза аталымы бойынша «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Мерей Қайнарұлы жүлделі үшінші орынға және 500 мың теңгенің сертификатына ие болды. Марапат құтты болсын.
Отандық медиа саласы қаламы жүйрік, ойы ұшқыр тілшілер қауымының кәсіби біліктілігі мен күнделікті тынымсыз еңбегінің арқасында дамиды.
Осындай байқауда әрдайым абырой биігінен көріне беруіңе тілектеспіз. Зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық табыс тілейміз!