Қазақстанның ауыл әйелдерінің VI форумы

Қазақстанның ауыл әйелдерінің VI форумы

Ағымдағы жылдың 18-қарашасында Астана қаласында Қазақстанның ауыл әйелдерінің VI форумы өтті. Ауданымыздың ардақты азаматшаларының бірі Дюсупова Калима Калымкановна арнайы барып қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, ауыл әйелдері форумына арналған кітапта Калима Калымкановнаның елеулі еңбегі туралы жазылып, жарық көрді. Еліміздің дамуына, атап айтқанда ауылды жерлерде өмір сүру сапасын арттыруға атсалысып жүрген аяулы аналарымыз, нәзік жанды аруларымыздың саны арта берсін.