
Құрметті Самар ауданының тұрғындары, суық ауа райының басталуымен тұрғын үй секторында өрттің саны артады. Оның себебі, пештердің дұрыс салмауы мен пештердің эксплуатациялау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып табылады.
Өрт әр үйде болуы мүмкін, бірақ бірінші мезетте өрт қауіпсіздік ережелерінің күнделікті бұзылатын жерде болуы ықтимал. Ондайдың болдырмау жолы, ол өрт қауіпсіздік ережелерінің бірнеше ережесін білу қажет:
Пеш пен мұржаның жағдайын қадағалап, олардың ақаулығын өз мезетте дұрыстау керек. Пешті бензинмен, керосинмен және де әр-түрлі жанғыш сұйықтармен жандырмау.
Өрт кезінде «101» немесе 2-12-01 телефон нөміріне қоңырау шалып, не жанып жатқанын, жанып жатқан мекен-жайды, өз тегіңізді анық айтуыңызды сұраймыз.
ЕСІҢІЗГІ САҚТАҢЫЗ!
Өрт қауіпсіздік ережесін сақтап, Сіз өзіңізді және басқаларды ауыр салдардан сақтайсыз.