Мемлекеттік корпорацияның 1414 Бірыңғай байланыс орталығының базасында 111 - желісі жұмыс істейді.

Мемлекеттік корпорацияның 1414 Бірыңғай байланыс орталығының базасында 111 - желісі жұмыс істейді.

📞Енді азаматтар отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 111 телефоны арқылы хабарласа алады. Байланыс орталығының операторлары тұрмыстық зорлық-зомбылық, қорлау және басқа да мәселелерге тап болған қазақстандықтарға психологиялық қолдау көрсетеді.

⚡Бірыңғай байланыс орталығы өзін кеңес беру қызметінің сенімді операторы ретінде таныта алғанын атап өтеміз. Ол күніне орташа есеппен 35 мыңға дейін өтініш қабылдайды.