
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушының» 2023 жылғы 17 шілдедегі № 152 бұйрығына енгізілген өзгерістер туралы.Бұл бұйрық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінде өмірлік жағдайлар және заңдық фактілердің тізбесін мен іс-әрекеттер алгоритмін айқындайды.
Өсімдіктерді қорғау және Өсімдіктер карантині саласы бойынша қамтылған сұрақтар бойынша енгізілген өзгерістер.
Карантинге жатқызылған өнімді шетелге әкету үшін фитосанитариялық сертификат алуы керек.
Өтініштерін қабылдау келесі тәсілдер арқылы іске асырылады:
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 2 (екі) жұмыс күні ішінде атқарылады
шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілген.
- «Еуразиялық экономикалық одақта өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы
№ 318 шешімі;
- «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы және кедендік аумағындағы карантинге жатқызылған өнімдер мен карантинге жатқызылған объектілерге қойылатын бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарды бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 157 шешімі;
- «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы
29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығы.
«экспорттаушы ел карантинге жатқызылған өнімге беретін электрондық фитосанитариялық сертификаттарды қабылдауға мүмкіндігі жоқ екенін хабарлайды.
«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-1-тармағына сәйкес келесі жағдайларда карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады:
1) фитосанитариялық сертификат болмаған жағдайда
2) карантинді обьектілер мен бөтен текті түрлерді жұқтырған карантинге жатқызылған өнімді;
3) карантинді объектілердің таралу ошақтары бар аймақтардан,
4) уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда, өсімдік ауруларын қоздырушыларды - тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды, сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер тұқымдарын;
5) уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілген карантинге жатқызылған өнімді әкелуге.
Шегіртке зиянкестерін қоспағанда, аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау бойынша республика аумағында жүргізілетін жұмыстар алгоритмі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі жедел кезеңде күн сайын аса қауіпті зиянды организмдердің таралуы жөніндегі мәліметтерді ұсынады.
2 аса қауіпті зиянды организмдердің саны экономикалық зияндылық шегінен жоғары болған жағдайда, шаруашылықты көрсете отырып, тексеру актісі ұсынылады.
3 Зияндылықтың экономикалық шегінен асып кеткен тексеру актісі деректері бойынша (дабыл хабарламасы) негізінде бұзушылықтарды жою туралы орындау мерзімдерін көрсете отырып екі данада ұйғарым шығарады.
4 ұйғарымды орындау мерзім,і ұйғарым тапсырылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кем емес мерзімде айқындалады
5 Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабы
4-тармағының 7) тармақшасына сәйкес аса қауіпті зиянкестердің ошақтарының мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) және жүзеге асыру уақытын алдын ала анықтау мүмкін болмаған жағдайда алдын ала хабарламай және тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз жүзеге асырылады.
Сұрақтарыңыз болған жағдайда, Самар ауылы Горохова көшесі 56 ғимаратта орналасқан ҚР АШМ АӨК МИК Самар ауданы бойынша аумақтық инспекциясына келіп ақпарат алуға болады немесе 8 7773919400 телефоны арқылы хабарласуға болады.