Елді мекендердің құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар енгізу туралы

Елді мекендердің құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар енгізу туралы

ЖОБА

 

 

 Елді мекендердің құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының             4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциасын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шығыс Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының қарауына ауылдардың құрамдас бөлігінің атауын қайта атау бойынша ұсыныс енгізілсін:

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы Самар ауылы бойынша келесі көше атаулары өзгертілсін:

Мира көшесі Бейбітшілік көшесіне;

Подгорная 1 көшесі Мұстафа Шоқай көшесіне;

Подгорная 3 көшесі Ілияс Жансүгіров көшесіне;

Первомайский көшесі Шоқан Уалиханов көшесіне. 

  1. Осы бірлесіп жасаған мәслихат шешімі және әкімдік қаулысы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Самар аудандық                                                     Самар ауданының

мәслихат төрағасы                                                  әкімі