АҚПАРАТ

АҚПАРАТ

​«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.
​Қайтыс болуды тіркеу мерзімі - 1 (бір) жұмыс күні;
азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні, портал арқылы өтініш қабылданғанын 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
​            Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі;
​1) осы Қағидаларға 21 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
​2) медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат туралы мәліметтер;
​3) қайтыс болған адамның жеке басты куәландыратын құжаты (болған жағдайда, қайтыс болған адамның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетіледі);
​4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
​5) қайтыс болуы сот шешімінің негізінде тіркелген жағдайда - қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы мәліметтер;
​6) қайтыс болған адамның әскери билеті (бар болса);
​7) қажет болған жағдайда (егер көрсетілетін қызметті алушының тегі және (немесе) әкесінің аты бойынша туыстық байланыс байқалмаса) жақын туыстығын растайтын құжат.