Самар ауданының тұрғындары үшін алдағы жылыту маусымына көмір сатып алу қажеттілігі туралы.

Самар ауданының тұрғындары үшін алдағы жылыту маусымына көмір сатып алу қажеттілігі туралы.

«Қыстың қамын жазда ойла». Бүгін біз жылыту маусымына дайындық туралы айтатын боламыз. Күзде көмір сатып алу кезінде дүрбелең мен ұзын-сонар кезекке жол бермеу үшін, құрметті Самар ауданының тұрғындарын көмірді қазірден сатып алуға шақырамыз.

Самар ауданының тұрғындары үшін көмірді сату үшін келесі қоймалардан сатып алу және жеткізу жүргізілетінін хабарлаймыз:

Алғашқы қойма Сарыбел ауылдық округіне қарасты Новостройка ауылында орналасқан. Көмірді «Ертіс Транс» ЖШС қамтамасыз етеді. Көмірдің 1 тоннасының құны 19 000 теңге, ал жеткізу құны елді мекенге дейінгі қашықтыққа байланысты болады. Халыққа көмірді сатуға, жеткізу жылына бір рет 1600 тонна көлемінде жүзеге асырылады. Барлық сұрақтар бойынша 8 (72333) 50 276 нөміріне хабарласыңыз.

Екінші қойма Самар ауылында. Көмірді жеткізуді ИП «Жотабаева Н.К». Қазіргі уақытта бұл қоймада көмір жоқ. Көмірдің құны қоймадан 25 мың теңге болады. Көмірге өтініш 87771602610 телефоны арқылы қабылданады.

Сондай-ақ Қаражыра карьерінен көмірді 1 тоннасын 27 000 теңгеден жеке жүк көлігімен сатып алуға болатынын хабарлаймыз.

Құрметті тұрғындар, жылыту маусымына алдын ала дайындалу керектігін тағы бір рет еске саламыз. Өткеннің тәжірибесі көрсеткендей, адамдар күн суытпай соңғы айда көмір сатып ала бастаған.