
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп "ХҚО" мобильді қосымшасын енгізді. Бұл смартфон арқылы бейнеқоңырау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының мамандары "ХҚО" қосымшасы арқылы клиенттерден қоңыраулар қабылдайды.
Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО-да "ХҚО" қосымшасы арқылы 1000-ға жуық қызмет көрсетілді, оның 702-сі ЭЦҚ алған.
"Мобильді "ХҚО" қосымшасы азаматтардың өмірін жеңілдетеді. Ол арқылы бейнеқоңырау бойынша консультациялық қолдау алуға, ХҚО-ға кезекті брондауға, QR - кодты сканерлеу арқылы электрондық кезек талонын бірден алуға, жақын маңдағы ХҚО-ның орналасқан жерін көруге, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды білуге болады", - деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Жалпы, "ХҚО" мобильдік қосымшасы арқылы 61 кіші түрімен мемлекеттік қызметтің 25 түрін алуға мүмкіндік болады.
Олардың ішінде сотталмағандығы туралы анықтама алу, зейнетақы қорынан үзінді көшірме, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, бала тууға жәрдемақы алу және т. б. мемлекеттік қызметтер бар.
Бейне қоңырау арқылы кез-келген мемлекеттік қызметті алу үшін биометриялық сәйкестендіруден өту керек.
"ХҚО" мобильді қосымшасын Play Market-те және App Store-да жүктеуге болады.