Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын қалай алуға болады

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын қалай алуға болады

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардан (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдауwww.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы  жыл сайын 15 тамыздан бастап 30  қыркүйекті қоса алғанда жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын алуға өтініші;

      2) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі (бұдан әрі – Әзірлік актісі);

      3) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі;

      4) станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 (он бес) жұмыс күн.