Самар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және номер 32 -Өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп Азаматтық қорғаныс күніне орай "Төтенше жағдайға дайын бол" аясында оқушыларға ашық есік күні өткізілді. Өскелен ұрпақтың өрт қауіпсіздігі саласындағы білімін қалыптастыру,сондай-ақ жауынгерлік қызметтің ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында нөмер 1 Самар орта мектеппен ,Ж.Болғанбаев атындағы лицей оқушылары ағымдағы жылдың 28 ақпаныңда қонақта болды. Оқушыларды қызықтыру ,жетілдіру , логикалары мен алғырлықтарын танытуға мүмкіндік беріліп "өрт сөндіру саласына байланысты "-тематикалық сайыстар мен ойындар орын алды. Жүлделі орындарға мадақтамалар мен кішігірім сыйлықтар ұсынылды . Оқушылар әсерлі эмоцияға ,осы маман иесі болуға талпыныс пен керекті мағлұмат алғанына күмәніміз жоқ!