Самар ауданында су тасқыны жағдайы тұрақты.

Самар ауданында су тасқыны жағдайы тұрақты.

Самар ауданында су тасқыны жағдайы тұрақты. Көктемгі ауа-райының қолайсыз жағдайында (тез жылыну, қатты жауын-шашын) қауіп-қатерлер болады.
2023 жылдың 01 ақпанында Самар ауданы әкімінің орынбасары Д.М.Ордахановтың төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, ауылдық округ әкімдері, ауданның жол ұйымдарымен және «Шығыс су қоймалары» КМК өкілдерінің қатысуымен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтті. Қорытындылай келе, су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
2023 жылғы 02 ақпанда көктемгі кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша уақтылы шаралар қабылдау, сондай-ақ гидрометеорологиялық құбылыстармен байланысты табиғи төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіп-қатерді азайту және зардаптарын жою бойынша ведомствоаралық үйлестіруді күшейту мақсатында, комиссия құрамындағы Самар ауданының әкімі Р.К.Сейтканов, Самар ауданының прокуроры А.Б.Тұрсынов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы подполковник А.Е.Сейілқұмаров ауданының гидротехникалық құрылыстарына тексеру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, Самар ауданының тұрғындарына еріген сулардың арықтар арқылы кедергісіз өтуін ұйымдастыру үшін жеке аумақтардағы, сондай-ақ үйлерге іргелес аумақтардағы арықтарды тексеріп, тазалау қажеттігін атап өткім келеді. Тұрғын үйлерді су басып қалмас үшін канал желілерінің қоқыспен бітелуіне және қарды канал желісіне төгуге жол бермеулеріңізді сұраймыз.