Тұрғылықты жерді тіркеу

Тұрғылықты жерді тіркеу

Әрбір қазақстандық  "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша тіркелуі тиіс.

Тұрғылықты жері бойынша тіркелу тұрақты және уақытша болуы мүмкін. 1414 колл-орталыққа тіркеуге қатысты сұрақтар жиі түседі. Енді мұны үйден шықпай-ақ оңай жасауға болады. Интернет, ноутбук немесе смартфон арқылы сіз өзіңізді, балаңызды, туыстарыңызды тіркей аласыз.

Сіз тіпті басқа қалада болған кезде қызметке онлайн тапсырыс бере аласыз. Өтінішті толтырып, қала мен мекен-жайды көрсету қажет. Жүйе растау үшін өтінішті пәтер иесінің жеке кабинетіне автоматты түрде жібереді.

Тұрғылықты жері бойынша тіркелу тақырыбы бойынша ең көп қойылған сұрақтар мен оларға жауаптарды суретті жылжытып оқыңыз.

Қалай онлайн тіркелуге болады?

ЕGov, eGovmobile қосымшасы, HomeBank арқылы, сондай-ақ «Мобильдік ХҚО» қосымшасында бейнеқоңырау арқылы операторға хабарласу арқылы онлайн тіркелуге болады.

Қызмет көрсету мерзімі қандай?

ХҚО - ға жүгінген кезде-30 минут.

Онлайн өтініш берген кезде-15 минут.

Қай жастан бастап балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу керек?

Баланы14 жастан бастап. Осы жасқа жеткенге дейін балаларды тіркеудің қажеті жоқ, олардың тұрғылықты жері ата-аналарының тіркелген мекен-жайы болып танылады.

14 жастан асқан баланы тіркеу үшін не қажет?

Тіркелу үшін туу туралы куәлік немесе төлқұжат қажет. Қызметке ата-аналардың бірі тапсырыс береді.

Пәтерде бейтаныс адамның тіркелгенін байқасаңыз не істеу керек?

Тіркеуден шығару үшін  ХҚО-ға жүгінуге болады. Сондай-ақ, пәтер иелері "ҚР тұрғындарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару" қызметіне eGov арқылы онлайн тапсырыс беріп, тіркеуден шығару үшін қажетті азаматтарды таңдап, белгісіз азаматтарды өз бетінше тіркеуден шығара алады.

Егер клиент қонаққа немесе іссапарға келген болса, уақытша тіркеуді рәсімдеу қажет пе?

Уақытша болу орнына 1 айдан астам мерзімге келген азамат 10 күн ішінде тіркелуі керек.