Аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы  ХАБАРЛАМАСЫ

Аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданының  мәслихаты  23 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыратыны туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптасатын комиссиядан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 31 тамыздан 19  қыркүйекке дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Сайлау комиссияларының құрамдарына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында қарастырылған сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның еңбеккерлері болмауы тиіс.

Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары (қыз асырап алушылары), асырап алған балалары (қыздары), туған және туған емес ағалары мен әпкелері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ері (зайыбы) кіре алмайды. 

Мәслихатқа қағаз нысанда ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы 19  қыркүйекке дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

 

Самар аудандық мәслихаты

 

Шаймарданова Гульнар Касымжомартовна – Самар  аудандық мәслихатының хатшысы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Самар ауылы, Горохов к-сі, 52.

Жауапты адам – Шаймарданова Гульнар Касымжомартовна, қалааралық телефон коды (8723-33), қызметтік 31-732, ұялы 8777-063-47-31 телефон, факс 2-12-02 нөмірлері, электрондық почта мекен-жайы maslikhat_samar@mail.ru

Самар ауданының мәслихаты Самар  ауданының  23 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды.

 

№ р/б

сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының

орналасқан жері

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

 

Учаскелік сайлау комиссиялары - 23

1

№ 820

Самар ауылы, Букетов көшесі, 68 (Мәдениет үйінің ғимараты)

7

2

№ 821

Самар ауылы, Горохов көшесі, 52 (Болғанбаев атындағы орта мектеп ғимараты)

7

3

№ 822

Самар ауылы, Асламов көшесі,18  (Самар бастауыш мектеп ғимараты)

7

4

№ 823

Шұбарқайың ауылы (мектеп ғимараты)

 

7

5

№ 824

Қайынды ауылы (орман шаруашылығының кеңсе ғимараты)

7

6

№ 825

Миролюбовка ауылы, Асламов көшесі, 41 (мектеп ғимараты)

7

7

№ 826

Раздольное ауылы  Мира көшесі 61 (клуб ғимараты)

7

8

№ 827

Палатцы ауылы, Советская көшесі, 14 (мектеп  ғимараты)

7

9

№ 829

Подгорное ауылы (клуб ғимараты)

7

10

№ 830

Қарақол ауылы (мектеп ғимараты)

7

11

№ 831

Сарыбел ауылы, Стасий көшесі, 11 (клуб ғимараты)

7

12

№ 832

Новостройка ауылы (лагерь ғимараты)

7

13

№ 833

Құлынжон ауылы, Гагарин көшесі, 24 (клуб ғимараты)

7

14

№ 834

Көкжыра ауылы, Школьная көшесі, 6 (мектеп ғимараты)

7

15

№ 835 

Бастаушы ауылы, Абай көшесі, 4 (мектеп ғимараты)

7

16

№ 836

Көкжота ауылы Школьная көшесі, 34 (мектеп ғимараты)

7

17

№ 837

Мариногорка ауылы, Школьная көшесі, 65 (мектеп ғимараты)

7

18

№ 838

Мойылды ауылы Центральная көшесі, 21  (клуб ғимараты)

7

19

№ 839

Жұмба ауылы, Центральная көшесі, 50 (мектеп ғимараты)

7

20

№ 840

Аққала ауылы, Центральная көшесі, 50 (клуб ғимараты)

7

21

№ 841

Жаңажол ауылы, Центральная  көшесі, 15 (мектеп ғимараты)

7

22

№ 842

Қараткөл ауылы, Киров көшесі, 19 (мектеп ғимараты)

7

23

№ 843

Қойтас ауылы, Абай көшесі, 4 (медииналық пункт ғимараты)

7

 

Шығыс Қазақстан облысының Самар аудандық мәслихаты