Самар ауданы мәслихаты Самар ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды
Самар ауданы мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Самар ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.
Жұмыс тобының сандық құрамы 6 адам деп анықталған. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органның өкілдігі жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспау керек. Азаматтық қоғамның өкілдігі жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігінен аз емес болады және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматардың ұсынысы негізінде жасақталады.
Самар ауданы мәслихаты 2022 жылғы 21 тамызға дейін (қоса алғанда) коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан жазбаша түрде, келесі құжаттармен қоса, Жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстар қабылдайды:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Құжаттарды қабылдау көрсетілген мерзімдерде күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен, сенбі және жексенбіден басқа күндері, Самар ауылы, Горохов көшесі, 58, 3 қабат №7 кабинеті мекенжайы бойынша жүргізіледі, құжаттар қолма-қол немесе электрондық пошта арқылы қабылданады: samar@kokpekti.vko.gov.kz.
|
|
Қоғамдық кеңес туралы |
|
|
Нысан |
|
|
Кімге _____________________ |
Өтініш
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) ________________________________________________________
2) ________________________________________________________
3) ________________________________________________________
4) ________________________________________________________
5) ________________________________________________________
6) ________________________________________________________
7) ________________________________________________________
20___ жылғы "____" Өтініш берушінің қолы