Самар ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Самар ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті
Экологиялық акцияға 50-ден астам адам — мемлекеттік қызметшілер, ұйымдардың қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты. Сенбілік барысында автомобиль жолдарының бойындағы аумақтар абаттандырылып, шөп шабылды, бұталар ретке келтірілді, жол жиектеріндегі қоқыстар жиналды.
 
Жұмыс қорытындысы бойынша шамамен 3 тонна қоқыс жиналды.
 
Самар ауданында осындай экологиялық акциялар тұрақты түрде ұйымдастырылып, елді мекендердің тазалығын сақтау, аумақтарды абаттандыру және тұрғындардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған.