
1 маусым күні Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов аудан әкімдігі аппаратына ауданның экономика және қаржы бөлімінің жаңа басшысын таныстырды.
Аталған лауазымға Өскемен қаласының тумасы Ерсаинов Асет Ерсаинұлы тағайындалды.
41 жастағы басшы еңбек жолын Өскемен қаласының құрылыс бөлімінде жетекші маман қызметінен бастаған. Әр жылдары қала әкімінің көмекшісі, қалалық ведомстволардың қаржы және ауыл шаруашылығы секторларының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Риддер қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарында жұмыс істеген.
Осы тағайындауға дейін Абай облысы Бородулиха ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Асет Ерсаинұлының қаржы саласы бойынша жоғары білімі бар және мемлекеттік қызметте мол тәжірибе жинақтаған.
Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов жаңа басшының жоғары кәсіби біліктілігін атап өтіп, алдағы жұмысына табыс, жүктелген міндеттерді сапалы орындауға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуына тілектестік білдірді.