Самар ауданында әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-тренинг өтт

Самар ауданында әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-тренинг өтт

Самар ауданында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған семинар-тренинг өтті.

Іс-шарада Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мира Бекқожина, ШҚО әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Елена Карпова, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Сырым Үмітқазы спикер ретінде сөз сөйледі.

Кездесу барысында спикерлер практикалық мысалдар келтіріп, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру шаралары туралы баяндады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Рауан Жампеисов қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау – мемлекеттік қызметке деген қоғам сенімінің негізі әрі мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттырудың маңызды шарты екенін атап өтті.