
Самар ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті, ол Жастар ресурстық орталығы мен белсенді еріктілердің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді. Қатысушылар мұзбен қапталған Ертістің үстінде және өзен жағасында жинақсыз шашылған қоқыстарды тазалап, балық аулау торлары, пластик бөтелкелер, орам материалдары мен басқа да қалдықтарды жинады.
Акция ұйымдастырушылары тұрғындарды табиғатты сақтауға, оған құрметпен қарауға және қалдықтарды тастамауға шақырады. Осындай бірлескен бастамалар экологияны қорғауға, ауданымызды таза әрі жайлы етуге зор үлес қосады.