Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Кездесу барысында аудан тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жұмыспен қамту, ауызсумен қамтамасыз ету саласындағы коммуналдық қызметтердің жұмысы, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

— Ауданда шешімін күткен мәселелер әлі де жеткілікті. Олардың барлығы біздің тікелей құзыретімізге кірмегенімен, мемлекет өкілдері ретінде оларды жүйелі түрде шешу бағытында жұмыс жүргізіп, жағдайды бақылауда ұстауға міндеттіміз, — деп атап өтті Серік Жеңісов.

Биыл Самар ауданында су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Көктем мезгілінен бастап тұрғындарды жаңа су құбырына кезең-кезеңімен қосу жұмыстары басталады. Бұл жобаның жүзеге асырылуы су жүйесінің сенімділігін арттырып, ауызсудың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қабылдау барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, әлеуметтік тұрғын үйді бөлу қолданыстағы заңнамаға сәйкес және «Отбасы банкінің» құзыретіне берілгені, яғни қатаң түрде кезектілік тәртібімен жүзеге асырылатыны түсіндірілді. Ал жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті — салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы мен құрылыс барысын бақылау.

— Биыл «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтуды, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар тұрғын үй тапшылығын кезең-кезеңімен азайтып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, — деді аудан әкімі.

Самар ауданы әкімінің баспасөз қызметі