Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Самар ауданының активімен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Самар ауданының активімен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров аудан активімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында депутат Мәжілісте қабылданып жатқан жаңа заңдардың негізгі ережелерін түсіндіріп, сондай-ақ AMANAT партиясы фракциясының атқарған жұмыстары туралы баяндады.

Кездесуге қатысушылар әлеуметтік сала, инфрақұрылым, халықты жұмыспен қамту және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін көтерді. Ерлан Бияхметұлы әлеуметтік-экономикалық бағыттағы сұрақтарға нақты жауап беріп, түскен бірқатар ұсыныстарды жеке бақылауына алатынын атап өтті.

— Бүгінгі күндегі басты мақсат — халықпен ашық әрі тікелей диалог орнату. Заңдар тек кабинетте ғана емес, азаматтардың нақты сұраныстары мен ұсыныстарын ескере отырып қабылдануы тиіс. Сондықтан өңірлерге шығу және тұрғындармен жүздесу — депутаттық қызметтің маңызды бөлігі. Самар ауданында көтерілген барлық мәселелер бақылауымызда болады және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды шешу жолдары қарастырылады, — деді Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров аудан әкімі Серік Жеңісовпен және салалық мамандармен бірге жаңа су алу нысанын аралап, инженерлік-коммуникациялық желілерге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Самар ауданы әкімінің баспасөз қызметі