Самарлық оқушылар Риддерде өткен жарыстан жүлдемен оралды

Самарлық оқушылар Риддерде өткен жарыстан жүлдемен оралды

Риддер қаласында өткен жеңіл атлетика сайысы Самар ауданының жас спортшылары үшін ерекше сәттерге толы болды. Үнемі табандылық пен талпынысты серік еткен өрендер аудан намысын абыроймен қорғап, жарыс алаңынан жүлдемен оралды. Олар — Миролюбовка ауылындағы Әлия Молдағұлова атындағы орта мектептің білімпаз әрі жігерлі оқушылары.

Мың метрлік қашықтықта ширыға жарысқан Ратмир Шо-Ву мәре сызығын бірінші болып кесіп, бас жүлдені олжалады. Ал оның командаласы Әмір Мусанбеков осы қашықтықта үздік үштіктің қатарынан табылып, үшінші орынды иеленді.

Желдей жүйрік Мария Соболевская да 300 метрлік спринтте шеберлігін көрсетіп, үшінші орыннан көрінді.

Жас спортшылардың бойындағы қайсарлық пен еңбекқорлықтың шыңдалуына ықпал етіп жүрген жаттықтырушы — Константин Васильевич Шо-Ву. Оның жетекшілігімен талай таланттың тұғыры биіктей беретіні сөзсіз.