Самар спорт мектебінің жаңадан жөнделіп, қалпына келтірілген ғимараты салтанатты түрде ашылды!
2022 жылғы ауыр өрттен кейін демеушілердің қолдауы және облыс басшылығының тікелей көмегімен спорт кешені толық қайта қалпына келтірілді. Бүгін ол тағы да балалар үшін өз есігін айқара ашып отыр.
Енді еркін күрес залы Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт шебері Аманғазы Оңғарбаевтың есімін иеленді.
Қазіргі уақытта мектепте 132 бала еркін күрес, дзюдо, үстел теннисі және футбол секцияларында шұғылдануда. Спорт мектебінде балалардың жан-жақты дамуы мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуі үшін барлық қажетті жағдай жасалған.