
Самар ауданында Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен аудан әкімі Серік Жеңісов құттықтады. Ол әлеуметтік қызметкерлердің қоғамдағы еңбегінің маңыздылығын және көмекке мұқтаж жандардың өміріндегі рөлін ерекше атап өтті.
Адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін әлеуметтік саладағы ондаған мамандар алғыс хаттармен марапатталды.